30.04.2026 күні № 280 орта мектебінде "Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік педагогтың рөлі және оның трансформациясы" тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – әлеуметтік педагогтың қазіргі қоғамдағы кәсіби рөлін талдау және қызметіндегі заманауи өзгерістерді айқындау.
Іс-шара барысында қалалық білім бөлімінің әдіскері Амантаев Нұрқанат Ақылбайұлы және № 280 орта мектебінің директоры Жанат Шамшатқызы сөз сөйлеп, әлеуметтік педагогтардың білім беру жүйесіндегі маңыздылығын, олардың оқушыларды әлеуметтік қолдау мен тәрбиелеудегі рөлін атап өтті.
Семинар аясында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, командалық жұмыс, өмірлік қиын жағдайдағы балалармен жұмыс, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану мәселелерін талқылады.




