«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 280 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Тақырыбы: «Тіс тазалығы және тісті күту»
№ 280 орта мектебіміздің 1–4 сынып оқушылары арасында «Тіс тазалығы және тісті күту» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына тіс тазалығының адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіру, дұрыс тіс күтімін қалыптастыру, ауыз қуысының тазалығын сақтауға үйрету және жеке бас гигиенасына жауапкершілігін арттыру.
Шараға арнайы Облыстық жастар денсаулық орталығының маманы Абдирова Заринамен бірлесіп өтті . Шара барысында оқушыларға тістің адам ағзасындағы маңызы туралы түсінік берілді. Тіс адамның тамақты дұрыс шайнауына, анық сөйлеуіне және әдемі күлкісінің қалыптасуына көмектесетіні түсіндірілді. Сонымен қатар тісті дұрыс күтпеген жағдайда тісжегі (кариес), тіс ауруы, жағымсыз иіс және қызыл иектің қабынуы сияқты мәселелер пайда болуы мүмкін екендігі айтылды.
Оқушыларға тісті күніне екі рет – таңертең және кешке тазалау керектігі түсіндірілді. Тіс тазалауға арналған жеке тіс щеткасы мен тіс пастасын пайдалану қажеттігі айтылды. Тіс щеткасын басқа адаммен бірге қолдануға болмайтыны, өйткені бұл жеке бас гигиенасына жататыны түсіндірілді.
Балаларға тісті дұрыс тазалау әдісі көрсетілді. Тіс щеткасын қатты баспай, тістердің сыртқы және ішкі жақтарын, шайнайтын беттерін мұқият тазалау керектігі айтылды. Тісті тазалауға асықпай, шамамен 2 минут уақыт бөлу ұсынылды. Тілді де абайлап тазалаудың маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға тамақтанғаннан кейін ауызды таза сумен шаю, тәтті тағамдар мен газды сусындарды шамадан тыс пайдаланбау, пайдалы тағамдарды көбірек тұтыну қажеттігі туралы ақпарат берілді. Сүт, айран, ірімшік сияқты кальцийге бай тағамдардың тіс пен сүйекке пайдасы түсіндірілді.
Оқушыларға тіс щеткасын уақытында ауыстыру керектігі айтылды. Щетка тозып, қылшықтары майысқан жағдайда оны жаңасына ауыстыру қажет екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ тіс ауырған кезде өз бетінше ем қолданбай, ата-анасына айтып, тіс дәрігеріне қаралу керектігі ескертілді.
Іс-шара барысында балаларға тісті күту бойынша қарапайым ережелер ұсынылды:
1. Тісті күніне екі рет тазалау.
2. Жеке тіс щеткасы мен тіс пастасын пайдалану.
3. Тісті кемінде 2 минут тазалау.
4. Тісті қатты баспай, мұқият тазалау.
5. Тамақтан кейін ауызды сумен шаю.
6. Тәтті тағамдарды шамадан тыс жемеу.
7. Таза су ішу.
8. Тіс щеткасын уақытында ауыстыру.
9. Тіс ауырса, міндетті түрде ата-анаға айту.
10. Тіс дәрігеріне профилактикалық тексеруден өтіп тұру.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің тіс күтімі туралы білімдерімен бөлісті. Балаларға «Тазалық – денсаулық кепілі» екендігі түсіндіріліп, ауыз қуысының тазалығын күнделікті сақтаудың маңызы атап өтілді.
Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларына тіс тазалығы мен жеке бас гигиенасын сақтаудың адам денсаулығына тікелей әсер ететіні туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар дұрыс тіс тазалау дағдысын қалыптастыруға бағытталған пайдалы кеңестер алды.
Қорытынды:
Тіс – адам денсаулығының маңызды бөлігі. Тісті жастайынан дұрыс күту – болашақта тіс ауруларының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Сондықтан әр бала күнделікті жеке бас гигиенасын сақтап, тістерін таза ұстауға дағдылануы қажет.
Мейірбике :Тобаликова Г,
Әлеуметтік педагог: Ералиева А
Толығырақ...Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 280 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ



