Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Қызылорда облысының білім басқармасының

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 280 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

МЕНЮ

280 жалпы білім беретін мектебі, Қызылорда қаласы, Досан ауылы, Елеусінов 1Б мекен-жайында орналасқан. Мектеп ғимараты бейімделген негізде салынған. Білім беру ұйымының атауы «№280 жалпы білім беретін мектебі» коммуналық мемлекеттік мекемесі. Қызылорда қаласына қарасты Досан ауылы, Елеусінов 1Б құрылыс мекен-жайында орналасқан,

2013 жылы оқу жылы мектепке жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Мектеп екі ауысымда оқытылады. Мектептің сыйымдылығы 100 балаға лайықталған. Жалпы аумағы- 2317,7 шаршы метр. Құрылыс жүргізуші ТОО «Нұрай». Биылғы оқу жылы барлық сыныптарда бала санының өсуімен ерекшеленді. Қазіргі таңда 326 оқушы білім алуда, 21 сынып комлектісі бар. 2024-2025 оқу жылында 87 оқушы оқу озаты, 94 оқушы екпінділер, 98 үлгерушілер, білім сапасы 64,4%, үлгерім сапасы 99,3%. Біздің мектепте оқушылардың білім алуымен қатар, денсаулығын нығайтып, жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Спорт залы — кең әрі жарық, түрлі спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру сабақтарына арналған. Мұнда баскетбол, волейбол, футбол және гимнастикамен айналысуға толық мүмкіндік бар.Асхана — мектептің 1-қабатында орналасқан, санитарлық талаптарға сай жабдықталған. Тегін тамақтанатын оқушылар үшін де жағдай жасалған. Оқушыларға барлық жағдай жасалған, екі мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Зертхана кабинеттері — химия, физика және биология пәндеріне арналған. Онда тәжірибе жасауға арналған құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

 

 

 

© 2026 «Қызылорда облысының білім басқармасының

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 280 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ